№8 қалалық емханасы қатерлі ісікті анықтауға «Қызыл қазан» науқанын өткізді және осыған орай емхана емделушілеріне арнайы дайындаған онколог-дәрігер Гүлнұр Башаровамен сұхбатымызды жариялап отырмыз.
Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, көбінесе шетелге барып емделіп жатады. Ал біздің елде қазіргі уақытта осы ауру түрлерін емдеу қалай жүріп жатыр.
Елімізде онкологиядық ауруды емдеудің жаңаша әдістәсілі тәуелсіздік жылдарында енгізіле бастады. Ертеректе, тіпті, онкология ауруының кейбірін дәрігерлер тек хирургияда зерттеп қараған екен. Қазір саланың бағыты кеңейді. Онкологияға қатысты нақты генетикалық зерттеулер, ғылыми жаңалықтар да бар. Тікелей қатерлі ісікті емдейтін дәрідәрмектер табылып жатыр. Алайда медицина дамыған сайын бұрын естіп білмеген аурудың түрлері көбейіп барады.
Бұрын медицинада сүт безі қатерлі ісігі анықталған науқастың омырауын тұтас кесетін болған. Мұндайда пациент депрессияға түсіп, біраз қиналатыны белгілі. Сондықтан қазір медицина дамығалы хирургтер омырауды толық алмай, ісікті ғана алады. Омырауды тұтас кесу керек болған күннің өзінде, кейін пластикалық операцияға жүгінуге мүмкіндік бар. Мұндай күрделі операциялар орталықта урологияда да жасалады. Қазір мойын қатерлі ісіктерін емдеуде ілгерілеу байқалады. Сонымен қатар жақ, тіл, таңдай, құлақ, мұрын тіпті көзге өсіп кеткен ісіктерді де дәрігерлер қолдан келгенше емдеп жазады. Мысалы, жуырда орталыққа қатерлі ісіктің соркома деген түрімен ауырған науқас түсіпті. Ісік жауырынның астындағы төрт қабырғада өсіп, өкпеге жеткен екен. Дәрігерлер жауырынды көтеріп, төрт қабырғаны алып, қолдан қабырға жасап салған. Күтімі жақсы болса, елуге таяған пациенттің ғұмыры да ұзақ болады.
-Онкологиялық ауруды мамандар соңғы үкім емес, емделеді деп жатады?
– Қатерлі ісік ағзаның барлық ресурсын өзіне бұрып, өзіне өзі жаңадан тамыр жасап алады. Өздігінен ферменттер шығарады. Мұндайда радиологтер сіңіруші тамырдың жолын бөгеп, дәрі салып қояды. Мұны біз неогенез дейміз.
Онкологиялық аурулар бұл емделетін созылмалы ауру деп санауға болады. Бірінші сатысында 95 пайызға дейін емделеді. Екінші сатысында анықталғандар 80 пайызға дейін емделеді. Үшінші сатысында 30-50 пайызға дейін құрайды.
Сол себепті, скринингтік тескерістерден өтіп, ауруды ерте анықтау қажет. Тек, сонда ғана құлан-таза айығуға сенім мол. Науқас үшін медицина – мүмкіндік, дәрігер –дәнекер.