ҚР Конституция күнімен қатар келетін жылдағы дәстүрге сай емханада «Мектепке жол» акциясын өткіздік.
№8 Қалалық емхана әкімшілігі және «Сенім» кәсіподақ (профсоюз) өкілі емханамыздың ұжымының мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан емханамыздың дәрігері Гүлмира Ыдырысқызы емхана қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтап, жас өрендерге жаңа оқу жылында жақсы оқып, үлкен азамат болып өсуіне ақ жол тіледі.