Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Кім және қалай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ала алады?
Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы.
Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады.
Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
ККТМК-ке келесілер жатады:
Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен, туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастарды қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.
Сот-медицина сараптамасы.
Жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде бастапқы медициналық – санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмек.
Жедел жәрдем қызметтері.
Жергілікті деңгейде ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек, оның ішінде оңалту, шұғыл көмек көрсетуді қоса алғанда.
Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасы бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде жоспарлы көмек көрсету.