Еліміз үшін Қазақстан тарихындағы бұл ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің азаттығына алғышарттар жасалған болатын.
Республика күнін мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емханасы» МКК-де салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараны емхана директоры Жиенбаева Ж.Б құттықтау сөзімен ашты. Емхана директорының орынбасары Байчулакова Г.Т. мерекелік шара аясында медицина саласындағы адал еңбегі үшін 16 қызметкерге әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Мереке қарсаңында №3 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Сейдалиева Ж.Ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды, отоларинголог-дәрігер Гаипов У.Х. Алматы қаласы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.
Емхананың барлық қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Қазақстан халқына зор денсаулық, ынтымақ пен береке, бейбітшілік пен келісім тілейміз!