Жанара Булатаевна Жиенбаева, 1982 жылы дүниеге келген, 2006 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу ісі жөніндегі факультетін терапия мамандығы бойынша бітірген. Тұрмыс құрған, 4 баласы бар.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы жұмыс өтілі 15 жыл, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 6 жыл.
Университетті тәмамдағаннан кейін 2006-2007 жылдары «Терапия» мамандығы бойынша Қазақстандық медицина университетінің интернатурасына түсті. 2010 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2011ж. – АМДБЖИ-да «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2018 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша магистратураны «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде бітірді.
Еңбек жолын «Отбасы және денсаулық» МО-да терапевт дәрігер болып бастады, 2011 жылдан бастап Алматы қаласы №9 ҚЕ-да учаскелік терапевт дәрігер болып жұмыс істеді.
2012 жылы – Алматы қ. № 9 ҚЕ УДДГ дәрігері. 2013-2017жж. – №24 ҚЕ УДДГ дәрігері. 2017-2018жж. – Алматы қ. №24ҚЕ зертханалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі.
2018-2019 жылдары – Алматы қаласы №24 ҚЕ бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2019 ж. – 12.09.2023 ж. аралығында Алматы қ. ҚДСБ Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
2023 жылғы 13 қыркүйектен бастап Алматы қ. ҚДСБ «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК директорының м.а. лауазымына тағайындалды.