Қызмет саласы

№8 Қалалық емхана Қаланың Алмалы, Жетісу аудандарының тұрғындарына, жалпы саны – 58 646 адамға қызмет көрсетеді, саны. Оның ішінде ерлер — 26 333, әйелдер – 32 314, балалар – 18 788. Емхана ғимараты типтік, жоспарлы қуаты бір ауысымда 500 адам қабылдайды.

№8 Қалалық емхана пациентке және отбасына бағытталған емдеу және профилактикалық іс-шаралардың кең спектрін көрсетеді, жаңа туған нәрестелердің, балалардың, жасөспірімдердің, сондай-ақ барлық жастағы отбасы мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін таниды. Емхананың қызметі халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, соның ішінде денсаулық бұзылушылықтарын ерте анықтауға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, денсаулық мектебінің, ауруларды басқару бағдарламасының жұмысын оңтайландыруға бағытталған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі-МӘМС) медициналық – санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі-МСАК) және консультациялық – диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық – емханалық көмекті, сонлай-ақ ақылы негізде қызметтер ұсынады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

  • Медициналық жедел жәрдем
  • Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), оның ішінде:
    • ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
    • халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеру;
    • аурулардың мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтап, мониторингілеу және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқыту;
    • иммундау;
    • салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
    • репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;
    • жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;
    • инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
  • Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
    • АИТВ-инфекциясы мен туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
    • жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және МӘМС қызметтерін тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін оларға күдік туындаған жағдайларда мобильді бригаданың қызметтері;
    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде диагностикалау және емдеу;
    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде диагностикалау және емдеу.
  • Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде емдеу;
    • елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын аурулар кезінде және МӘМС жүйесінде қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері;
    • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.
  • Медициналық оңалту:
    • негізгі ауруды емдеу кезінде;
  • Төмендегі қызметтерді көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммунобиологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету:
    • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел жәрдемді, сондай-ақ мамандандырылған көмекті, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді;
    • профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес МСАК;
    • белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

1. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберіндегі профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;
  • бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильді бригаданың қызметтері;
  • бейінді мамандардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауы;
  • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша рәсімдер мен манипуляциялар.

2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

3. Уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша және тәртіппен медициналық оңалту.

4. Төмендегі қызметтерді көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

  • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
  • белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған медициналық көмек.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті емхана мамандары – жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр, учаскелік мейірбике/жалпы практика медбикесі, фельдшер, акушер(лер) – жүгінуі бойынша көрсетеді. Стационарды алмастыратын көмек күндізгі стационар жағдайында және үйде де көрсетіледі. Дәрігердің немесе орта медицина қызметкерлерінің үйде шақыруларға қызмет көрсетуін учаскелік (жалпы дәрігерлік) қызмет бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) үйлестіреді. Консультациялық-диагностикалық көмек тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерін қамтиды.

МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК МЫНАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ:

  • пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету, оның ішінде үйде;
  • созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау;
  • ең көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа да шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеу;
  • отбасын, ана болуды, әке болуды және баланы қорғауды, оның ішінде отбасын жоспарлауды;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
  • профилактикалық шаралары және қауіп факторларын анықтау;
  • ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер;
  • халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар туралы хабардар болу деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • негізгі жұқпалы ауруларға қарсы иммундау;
  • халықты гигиеналық оқыту және қауіпсіз сумен жабдықтау және халықты ұтымды тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары;
  • жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар;
  • пациенттерді диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуге жатқызуға жіберу, көрсетілімдер бойынша шұғыл түрде стационарға жіберу (жедел жәрдем бригадасын шақыру, оның келуін күту), үйде стационар ұйымдастыру, пациентті жоспарлы тәртіппен күндізгі стационарға немесе тәулік бойы стационарға қажетті тексерулер көлемі жүргізілгеннен кейін емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жіберуді жоспарлау;
  • функциялары бұзылған, тыныс-тіршілігі мен еңбекке қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, ұзартылған және кеш медициналық оңалту;
  • науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жасау, еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылу белгілері бар адамдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына жіберу;
  • № 175/2020 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді, оның ішінде электрондық форматта талдау;
  • халықты өзін – өзі және өзара көмек көрсету әдістеріне, оның ішінде шұғыл және дағдарыстық жағдайда оқыту арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау процесіне халықты тарту, өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
  • мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілер мен көшбасшыларды даярлау;
  • отбасын, ана болуды, әке болуды және баланы қорғауды, оның ішінде отбасын жоспарлау;
  • тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • онкологиялық сақтану, туберкулезді, жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау бойынша емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу, анықталған науқастар туралы ақпаратты тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына уақтылы беру;
  • емдеудің қолдаушыі кезеңінде туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу.

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕК ТМККК ШЕҢБЕРІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ:

  • МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен;
  • шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасынсыз өздігінен жүгіну бойынша;
  • диагнозды анықтау, асқынулардың болуы және бір аяқталған жағдай шеңберінде пациентті басқарудың одан әрі тактикасын анықтау мақсатында бейінді мамандардың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен.
  • Емхананың құрамында барлық қажетті құрылымдық бөлімшелер бар: жалпы практика дәрігерлері бөлімшесі, акушерлік-гинекологиялық, клиникалық-диагностикалық бөлімше, консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі. Тірек-қимыл жүйесі патологиясымен оңалтудың үшінші кезеңіне жататын пациенттерге арналған (жарақаттардан, хирургиялық араласулардан, сынықтардан, омыртқа бағанының даму ақауларынан кейін), нейрохирургиялық және неврологиялық (жүйке жүйесі саласындағы жарақаттардан және хирургиялық араласудан кейін, сал ауруы, инсульт және т.б.), кардиологиялық (жіті миокард инфарктісі, сондай-ақ қан тамырлары мен жүрек патологиялары кезінде) пациенттерге арналған Амбулаториялық оңалту орталығы ұйымдастырылған және жұмыс істейді Барлығы 4 терапиялық, 4 педиатриялық, 28 ЖПД учаскелері бар. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі мамандықтың 19 түрі бойынша медициналық көмек көрсетеді. Біз медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынамыз: рентгендік диагностика, флюорография, ультрадыбыстық зерттеу (іш қуысы, жамбас, сүт безі және қалқанша безі, жүктілік патологиясы), Электрокардиография (ЭКГ), Эхокардиография-ЭХОКГ, Тредмил сынағы, СМАД, Холтер бойынша ЭКГ. Жедел әдіспен зертханалық зерттеулер, қан алу пункті. Физиотерапия. Күндізгі стационар, сондай-ақ үйдегі стационар.

Аспаптық-диагностикалық қызметтерді ұсынады: клиникалық-диагностикалық бөлімшелер. Лейкоформуламен жалпы қан анализіне қан алу, гемоглобин, эритроциттер, түс көрсеткіші, лейкоциттер, СОЭ, тромбоциттер, қанның ұю уақыты, безгек плазмодийіне қан. Белок пен глюкозаны анықтаумен зәрді жалпы талдау, Нечипоренко бойынша зәр, зәрдегі өт пигменттері. Микроәсер. Копрограмма. Туберкулезді анықтау үшін қақырықты алу. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу. АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW) қан алу. Биохимиялық зерттеулерге қан алу: холестерин, триглицеридтер, қан глюкозасы, АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, мочевина, креатинин. Қынаптық жағынды микроскопиясы және қынапты қалпына келтіру. Иммунохимиялық зерттеу (экспресс әдісімен гемокульт-тест). Безгек плазмодийіне қан анализі. Тест-жүйелерді пайдалана отырып, экспресс-әдістерді жүргізу. «Қауіп» тобындағы балаларға (оның ішінде БЦЖ-ға дейінгі вакцинациялау және ревакцинациялау мақсатында) және балаларда туберкулезге күдік болған кезде 2 ТЭПД-Л бар Манту сынамасын қою. Физиотерапия бөлімі. Балаларға арналған физио шаралар және ЕДШ терапиясы. 1 жасқа дейінгі балаларға массаж. Ақылы бөлімше жұмыс істейді. Медициналық анықтамалардың барлық түрлері: жұмысқа және оқуға түсу үшін (075/е нысаны), қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат (076/е нысаны), офтальмологтың анықтамасы, бассейнге бару үшін анықтама және анықтаманың басқа түрлері. Санитариялық кітапшаларды ресімдеу, ұйымдарда мерзімді профилактикалық медициналық тексерулер. Процедуралардың барлық түрлерін орындау (инъекциялар: көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне, тері астына, көктамыр ішіне инфузия). Емханада «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі» (бұдан әрі – ПҚжәнеІАҚ (ПҚжәнеІАҚ телефоны: 242-99-28) және Call-орталық (тел.: 391-28-31) жұмыс істейді, емхананың веб-сайты бар www.gp8.kz., онда бас дәрігердің блогы бар.

Біздің негізгі құндылықтарымыз: Ашықтық – тәртіптілік пен адалдық қағидаттарын сақтау. Кәсібилік – үнемі даму мен жетілдіруге негізделген білімнің, мүмкіндіктер мен тәжірибенің бағыты.