09.01-15.01.2023ж аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК
Тақырып: Холестерин туралы не білеміз?
Холестерин деген-қан құрамында болатын заттардың ең негізгісі.Холестерин ежелгі грек тілінен аударғанда «қатты өт»деген мағынаны білдіреді. Адам ағзасында холестериннің 80 пайызы бауырда түзіледі,,ал қалған 20 пайызы тамақпен -жануар өнімдерімен түседі
Холестерин ағзаға өте қажет нәрсе:
- Д3 дәруменін және түрлі гормондар өндіру үшін қажет.
- клетканың мембранасының құрамына кіреді.
Холестерин екіге бөлінеді:
- ТЖЛП-тығыздығы жоғары ЛП.
- ТТЛП-тығыздығы төмен ЛП.
- ТТЛП нормадан артуы өте қауіпті,өйткені ол тамырлардың қабырғаларына жиналуға бейім.,біртіндеп атеросклеротикалық түйін пайда болып,уақыт өте жүректің ишемиялық ауруына..гипертонияға,инсультке әклелуі мүмкін.
Холестериннің жоғарылау себебі неде?
- -Аз қозғалу-гиподинамия,артық салмақ,көп майлы тағамдар қолдану
Холестеринді қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін:
- еңбекпен демалысты реттей отырып,дене қимылының белсенділігін арттыру
- дене салмағын қалпында ұстау
- шылым шекпеу,дұрыс ұйықтау.
- бауыр,өт жолдары қызметіне мән беру
Әр адамға холестерин дейгейін білу маңызды,ол үшін жылда скрининг өтіп тұруларыңыз керек.
Бас дәрігердің м.а. А.А.Кундызбаева.
Дайындаған : СӨС дәрігері Джамбаева М.А.