Емхананың үздік мейірбикесі!

Халықаралық мейірбике күнінің қарсаңында ЩЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК-да «Үздік мейірбике» атағын алу үшін кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты «мейірбике» кәсібінің мәртебесін жоғарылату, медициналық көмек көрсету сапасы мен кәсіби шеберлігін арттыру болып табылды. Конкурсқа 5 адам қатысты. Әр қатысушы өз кәсібінің теориялық және практикалық тұрғыдан білімдерін көрсетті.

«Үздік мейірбике» конкурсының қорытындылары бойынша №1 консультациялық-диагностикалық бөлімшенің мейірбикесі — Ақтолқын Жарасова жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлақтар берілді.